Талибандар Мазари-Шариф қаласындағы Германияның консулдығына шабуыл жасады
Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласында Германияның консулдығында орын алған жарылыста 7 адам қаза болып, 30 адам жараланды.
ИРНА-ның хабарлауынша, Мазари-Шариф полиция бөлімшесінің төрағасы сейіт Камал Садат: "Бір жанкешті бейсенбі күні кешке жарылғыш заттар тиелген бір көлікті Шариф шекарасындағы Германияның консулдығының қабырғасына соқты" деді.
Солтүстік Антлатика шарты ұйымы НАТО да Мазари-Шарифтегі Германияның консулдығына шабуылдың жасалғанын растады.
Талибан тобы осы жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алып бір мәімдемесінде бұл амалдарының ағымдағы айдың бас кезінде 32 бейбіт тұрғынның қаза болуына соқтырған АҚШ-тың Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласына жақын жердегі тұрғын аудандарға жасаған әуе шабуылдары үшін кек алу мақсатында жасалғанын хабарлады.
Талибан тағы бір мәлімдемеде АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампқа осы елдің барлық әскерилерін Ауғанстаннан шығаруға және АҚШ-тың өткен басшылары сияқты өзі мен америкалық генералдарды масқара етпеуге кеңес берді.