Израильдің БҰҰ-дағы өкілі Трампты Израиль мен оның қауіпсіздігіне жауапты деп атады
Сионистік режимнің БҰҰ-дағы өкілі Дани Данон АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп пен оның серіктерін Израиль мен оның қауіпсіздігіне жауапты деп атады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Трамптың саяси алаңға келуінен жылдар бұрын онымен кездескен Дани Данон сионистік The Jerusalem Post газетіне берген сұхбатында осы кездесуді еске алып: "Ол Израильді жақсы көреді және осы құштарлығын Ақ үйге алып барады" деді.
Данон АҚШ пен Израильдің қарым-қатынасының мықты екенін айтып: "Трамптың АҚШ пен Израильдің қарым-қатынасына туралы көзқарасына қатысты алаңдаушылық үшін ешқандай себеп жоқ" деп қуаттады.
Осындай жағдайда АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың құқықтық істер жөніндегі кеңесшісі Джейсон Дов Гринблат сионистік режим әскерінің радиосына берген сұхбатында Трамптың 1967 жылдан бұрын шекаралардан тыс жерде сионистік қалашықтардың салынуын айыптамайтынын және бұл құрылыстардың бейбітшіік жолында ешқандай кедергі тудырмайтындығына сенімді екенін айтты.
Трамптың құқықтық істер жөніндегі кеңесшісі Трамптың UNESCO-ға керісінше сионистер үшін Бейт-ул-Мұқаддастың тарихи маңыздылығын ресми түрде танитынын айтты.