Иран мен Венгрия Парламенттерінің басшылары ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады
(last modified Sat, 12 Nov 2016 15:37:45 GMT )
Қар 12, 2016 21:37 Asia/Almaty
  • Иран мен Венгрия Парламенттерінің басшылары ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады

Иран ислам республикасының Мәжіліс төрағасы мен Венгрия Парламентінің спикері кездесіп, бірлескен отырыс өткізген соң тілшілердің алдында екіжақты келіссөзде талқыланған ең маңызды тақырыптарды баяндады.

Иран республикасының Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Иран мен Венгрия байланыстарының тарихына сілтеме жасап, осы ел Парламенті спикерінің Иранға жасаған сапарын ынтымақтастықтарды кеңейту үшін игі мұрсат деп атап: «Венгрия Парламентінің спикерімен өткен келіссөздің маңызды бөлігі екі елдің экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуде әсерлі болатын негіздерге арналды» деп мәлімдеді.

Венгрия Парламентінің спикері Ласло Кёвер де ислам кеңесі мәжілісі төрағасының қонақжайлылығына алғыс айтып, екі елдің парламенттік достық топтарының белсенді болуына мүдделік танытты.