Еуропа Түркияға қарсы экономика саласында санкция салуы ықтимал
(last modified Sun, 13 Nov 2016 16:02:27 GMT )
Қар 13, 2016 22:02 Asia/Almaty
  • Еуропа Түркияға қарсы экономика саласында санкция салуы ықтимал

Еуропа Парламентінің төрағасы Мартин Шульц Брюссельде Түркия жөнінде талқыланған хабарларды растап: «Еуропа басшылары 2016 жылдың желтоқсан айындағы келесі отырыста Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның осы елдің халқын басып-жаншуларына қатысты реакцияда осы елге қарсы санкцияларды бекітеді.

Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы келіссөздерді тоқтату Еуропаның қарсыластар мен 15-ші шілдедегі әскери төңкерістен кейін құрықталғандарға көмек жолдарының жабылуына себеп болады» деді. Шульц сондай- ақ Түркия заңдарына өлім жазасы қайтарылса, Түркияның Еуропа Одағымен мүшелік жөніндегі келіссөздерінің аяқталатынын ескертті.