Иран- Армения электр жеткізілімі жобасының бағандары орнатыла бастады
Қар 14, 2016 08:44 Asia/Almaty
Иран-Армения электр жеткізілімі үшінші желісі жобасының алғашқы бағандары орнатыла бастады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның су мен электр өнеркәсібінің жабдықтары және қызметін экспорттайтын «Санир» компаниясы жексенбі күні Иран-Армения электр жеткізілімі үшінші желісі жобасы аясында алғашқы бағандардың кешеден бастап Арменияда орнатыла бастағанын хабарлады.
Осы 275 киломегаваттық желіні салумен Иран мен Армения арасындағы электр алмасу әлеуеті 300 мегаваттан 1000 мегаватқа ұлғайып, Иранның электр желісі Ресей, Грузия, Ирак пен Парсы Шығанағы өңіріндегі елдерге қосылады.
«Санир» компаниясы әлемнің 13 елінде 18 жобаны орындап жатыр. Өткен айларда Қазақстанда 60 мегаваттық жел электрлік стансасын салу келісімшартына қол қойды.
Ислам республикасы Нахчыван Автономиялық Республикасымен қоса, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, Армения, Әзірбайжан республикасы, Түркіменстан және Түркиямен электр алмасып тұрады.
Тегтер