Иран Еуроодақ Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәлімдемесіне реакция білдірді
(last modified Tue, 15 Nov 2016 11:35:29 GMT )
Қар 15, 2016 17:35 Asia/Almaty
  • Иран Еуроодақ Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәлімдемесіне  реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Еуроодақтың Иранмен қарым-қатынастарын дамытуға деген жігері мен бұл Одақтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық орындау қажеттігі туралы қайтадан қуаттауын қолдады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми дүйсенбі күні Еуроодақ Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Иран мен Еуроодақтың арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту саласында көптеген мүмкіндіктер бар. Олар банктік мәселелерді шешіп, сауда және экономикалық ынтымақтастықтарды дамытып, ортақ жобаларды іске асырудың маңызды себептері болып табылады»,- деді.

Ғасеми сонымен бірге Еуроодақ Сыртқы істер министрлері кеңесінің адам құқығы туралы  мәлімдемесін қабылдауға болмайды деп баса айтып: «ИИР тыныш кеңістікте келіссөздер мен пікір алмасу арқылы қасиетті Ислам дінінің адам құқығы саласындағы көзқарастарын анықтап, екі жақтың көзқарастарын жақындатуға дайын. Ирандағы зымырандық сынақтар елдің қорғаныс саясаттарының негіздері бойынша іске асырылуда. Иранның қорғаныс саласындағы мүмкіндіктері еш уақытта келіссөздерде талқыланбайды»,- деп қуаттады.

Еуроодақ Сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Брюссельде өткізген ресми отырыстарынан кейін  мәлімдеме жариялап, Еуроодақ пен Иран арасындағы қарым-қатынастарды 2015-ші жылғы ядролық келісімде белгіленген жолға қайтару талпыныстарын жалғастыратынын мәлімдеді.