Ресейде лаңкестерді құрықтау жалғасуда
Қар 15, 2016 20:37 Asia/Almaty
Ресейдің қауіпсіздік күштері Мәскеуде 5 айыпкерді өздерінің лаңкестік жоспарын іске асырудан бұрын құрықтады.
Ресей федералдық қауіпсіздік ұйымының қоғамдық қатынастар бөлімі құрықталғандардың Кавказ аймағындағы Ингушетия республикасының азаматтары болып табылатындықтарын, олардың Мәскеуде бомба жарылысын ұйымдастырмақ болғанын хабарлап, осы адамдар тұрып жатқан жерден 5 автоматты қару, 10 кг TNT жарылысындай қуаты бар екі бомба, оқ-дәрі мен тағы бірнеше қарудың анықталғанын мәлімдеді. Жексенбі күні де ДАИШ- ке қарасты 10 лаңкес қолдан жасалған қуатты бомба және бірнеше қаруымен Мәскеу мен Санкт-Петербургте лаңкестік әрекет жасаудан бұрын ұсталды.
Тегтер