АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Иранға қарсы санкциялар заңын ұзартты
(last modified Wed, 16 Nov 2016 08:34:16 GMT )
Қар 16, 2016 14:34 Asia/Almaty
  • АҚШ Конгресінің Өкілдер  палатасы Иранға қарсы санкциялар заңын ұзартты

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Иранға қарсы дұшпандық білдіретін шешім қабылдап, ИИР-на қарсы санкциялар заңын (Д'Амато) 10 жылға ұзарту жобасына оң дауыс берді.

«Associated Press»-тің мәліметі бойынша, АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы сейсенбі күні демократтар және республикашылдар партияларының қолдауымен Иранға қарсы санкцияларды 10 жылға ұзартуды қарастыратын заңды бекітті. Бұл жоба  419 «оң» және 1 «қарсы» дауыспен қабылданды. ИИР-на қарсы санкцияларды 10 жылға ұзарту заңы АҚШ президенттік сайлауында бұл елдің қазіргі үкіметінің Иранға қатысты саясатын сынаған Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін қабылданып отыр. Бұл заң іске асырылу үшін оны АҚШ Сенаты бекітіп, оған сол елдің Президенті қол қоюы керек. Иранға қарсы санкцияларды 10 жылға ұзартуды қолдаушылар Иранға қарсы санкция салу заңының ядролық келісімді орындамаған жағдайда АҚШ-қа Теһранды жазалауға мүмкіндік беретіндігі туралы уәж айтуда.

Бұдан бұрын Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Гүлстан облысында журналистерге берген сұхбатта: «Егер АҚШ Иранға қарсы санкциялар заңын (Д'Амато) ұзартатын болса, Иран жауап қайтару үшін техникалық пакет дайындады»,- деген болатын.