Иран БҰҰ-ның Иранға қарсы адам құқығы туралы қарарын қабылдамайды
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінің адам құқығы туралы қарарын саяси астарға ие және қабылдауға келмейтін қарар деп атады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінде Иранға қарсы адам құқығы туралы қарардың бекітілуіне реакция білдіріп: «Өкінішке орай, бұл қарар ИИР-дағы шынайы жағдайға назар аударылмай, тек таңдамалы мәліметтерге сүйеніп, саяси мақсаттарды көздеп дайындалып, бекітілген»,- деді.
Ғасеми кейбір мемлекеттердің адам құқығы мәселесін өз мүдделері үшін пайдалануын айыптап: «ИИР Батыс үкіметтерінің адам құқығы мәселесін әлемнің тәуелсіз мемлекеттеріне қарсы саяси құрал ретінде пайдаланулын қабылдауға болмайды деп санайды»,- деп қуаттады. Ол Иранға қарсы қарардың Канада сынды қолдаушылары туралы: «Бұл қарардағы тарихи ащы ирония лаңкестік пен экстремизмді қолдайтын сионистік режим мен Сауд режимі және демократия мен азаттықты танымайтын аймақтың кейбір мемлекеттерінің мүдделері үшін пайдалы»,- деді.