Ресейліктердің үштен екісі Путиннің президенттігінің жалғасуын қолдайды
Қар 17, 2016 21:24 Asia/Almaty
Жуырда «Левада» зерттеу институты жүргізген сауалнама Ресей халқының 63 пайызының Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путиннің 2018 жылғы сайлаудан кейін билік басында қалуын қалайтынын, 18 пайызының осы мәселеге қарсылық білдіргенін, 19 пайызының жауап беруден бас тартқанын көрсетті.
«Левада» зерттеу институты 2016 жылдың мамыр айының аяқ шенінде де Ресей халқының осы елдің басышларына деген жалпы сенімі туралы статистикалық мәлімет жариялады. Осы бөлімде Путин дауыстардың 80 пайызын иемденіп, көшбасшы болды. Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келесі орындарда тұрды.
Тегтер