Мьянма армиясының шабуылдарынан 150 мұсылман қаза тапты
(last modified Thu, 17 Nov 2016 15:34:37 GMT )
Қар 17, 2016 21:34 Asia/Almaty
  • Мьянма армиясының шабуылдарынан 150 мұсылман қаза тапты

«Аракан рохингья ұлттық ұйымы» деп аталатын топ бүлікке ұшыраған Рахин аймағынан келіп түскен мәліметтердің сенбі күні кемінде 150 мұсылманның қаза болғанын көрсететінін мәлімдеді.

Лондонда орналасқан осы органның жоғары деңгейлі басшыларының бірі Коко Лин: «Мьянма үкіметі ақпарат құралдарының, сондай-ақ жәрдемші топтардың осы аймаққа кіруінің алдын алу арқылы осы қырғынды жарияламауды қалап отыр» деді. Мьянма үкіметі соңғы бірнеше күндегі қатыгездіктерден шамамен 70 рохингья мұсылманының өлтірілгенін растады.
Мьянма үкіметі рохингья мұсылмандарын қарулы шабуыл жасады деп айыптап отыр. Ресми мәліметтер бойынша армияның осы даулы шабуылдың себепкерлерін табу үшін жасаған ізденістері ондаған мұсылманның қазасы мен ұсталуына соқтырып отыр.