Қар 18, 2016 09:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің әуе көрсетілімі - халықаралық лаңкестік үшін қоқан-лоққылық сипатқа ие жолдау

Ирандағы Ресей елшісі Иран мен Ресейдің бірлескен әуе көрсетілімін халықаралық лаңкестік үшін қоқан-лоққы сипатты жолдауы, ал аймақ елдері үшін бейбітшілік пен достық үндеуі деп атады.

Ирандағы Ресей елшісі Леван Джагарян сәрсенбі күні Иран мен Ресей қырғи ұшақтарының Иранның оңтүстігіндегі Киш аралында өткізген әуе көрсетілімі аясында сөйлеген сөзінде «Иран халықаралық лаңкестікке тосқауыл қою бойынша Ресейдің маңызды одақтастарының қатарына жатады. Мәскеу лаңкестікке, соның ішінде ДАИШ- ке тосқауыл қою үшін Иранмен бір шепте. Екі ел ортақ тұрғыларға ие» деді.

Иран мен Ресейдің бірлескен әуе көрсетілімі Иранның әуе өнеркәсібі 8-ші халықаралық көрмесі аясында Киш аралында өтіп, екі ел өздерінің әскери қабілет-қарымдарын көрсетті.

Иранның әуе өнеркәсібінің 8-ші халықаралық көрмесі Иранның оңтүстігіндегі Киш аралында сәрсенбі күні жұмысын бастады.

 

 

Тегтер