Зангане: ОПЕК мұнайдың бір баррелі үшін 55- 60 доллар бағаны межелеп отыр
Иран ислам республикасының Мұнай министрі мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК-тің мұнайдың бір баррелі үшін 55- 60 доллар баға белгілеуді межелеп отырғанын мәлімдеді.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Теһранда ОПЕК-тің бас хатшысы Мұхаммад Баркиндомен бірге өткен отырыстан кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Мұнайдың лайықты бағасы – тұтынушы мен өндіруші үшін тиімді баға. ОПЕК мүшелері мұнайдың бір баррелі үшін 55-60 долларды межелеп отыр» деді. Иранның Мұнай министрі ОПЕК- тің бас хатшысымен өткен отырысты оң бағалап, ОПЕК-тің Мұнай және энергия министрлерінің қарашаның 30 күнгі отырысында келісімге келудің ықтималының зор екендігін айтты.
Зангане ОПЕК мүшелерінің Алжир отырысындағы мұнай өндірісі көлемін тұрақтандыру келісіміне берік екендігіне сенім білдіріп, барлық мүшелердің осы келісімді іске асыруға талпыныс жасайтындығын мәлімдеді.
ОПЕК- тің келесі отырысының күн тәртібіндегі маңызды мәселе мұнай өндіру көлемін тұрақтандыруды іске асыру болып табылады. Алдын ала жасалған келісім бойынша, Иран, Ливия және Нигерия осы жобаны орындауға қатыспайды.