Ауғанстанда ДАИШ-тің іс-әрекеттері артуда
(last modified Mon, 21 Nov 2016 10:21:34 GMT )
Қар 21, 2016 16:21 Asia/Almaty
  • Ауғанстанда ДАИШ-тің іс-әрекеттері артуда

Ауғанстанның Забуль облысының әкімі ДАИШ лаңкестік тобының осы облыста бірнеше база салғанын хабарлады.

Ол Талибанның өз бақылауындағы кейбір аймақтарды ДАИШ-ке тапсырғанын және кейбір жерлерде ақ тулардың орнына ДАИШ-тің белгісі болып табылатын қара тулардың ілінгенін айтты. ДАИШ тобына қарасты 200-ге жуық отбасының да Забульде тұрақтанғаны белгілі болды. Олардың көбісі Хак-е Афған, Дайчуйан және Ноубахар аудандарында қоныстанған. Өткен айдан бастап Ауғанстанға көптеп келе бастаған ДАИШ тобы өз әрекеттерін шығыстағы облыстардан, соның ішінде, Нангархардан басқа облыстарға қарай өрістетті.

Өткен бір жыл ішінде ДАИШ-тің Ауғанстандағы құзыры туралы жарияланған мәліметтерге сәйкес, олардың барлығы бұл топтың осы елдің шығысын ДАИШ-тың аймақтық орталығына айналдыру жоспарын көрсетті. ДАИШ-тің Ауғанстандағы құзыры осы елдің үкіметі мен халқының қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарына себеп болуымен қатар, саяси және дипломатиялық тұрғыдан да алаңдаушылық тудырып отыр.

Ауғанстанның Өкілдер мәжілісі төрағасының бірінші орынбасары Мұхаммад Захер Ғадирдің өткен жылы ДАИШ лаңкестік-тәкфіршіл тобының жетекшілерінің осы елдегі құзыры мен олардың Кабулдағы кейбір елшіліктермен байланысы туралы сөздері Ауғанстанда ауқымды түрде таралып, ДАИШ-тің бұл елге төндіріп тұрған қауіп-қатерінің шынайы екендігін көрсетті. Әсіресе, Ауғанстандағы кейбір елшіліктердің өздерінің мүдделері аясында ДАИШ-ті қолдау ықтималдығы да жоққа шығарылмайды. Осы сөздер жарияланғаннан кейін Ауғанстандағы кейбір саяси және ақпараттық орталар кейбір елдердің Кабулдағы елшіліктері арқылы  ДАИШ-пен балйаныс орнатып, өздерінің аймақтық мақсаттарын лаңкестік құралы көмегімен ілгерілетуді көздеп отырғанын мәлімдеді.

Ауғанстандағы қазіргі жағдай, әсіресе, қауіпсіздігінің тұрақсыздығы ДАИШ-тің бұл жағдайды өзінің аймақтағы  мақсаттарын жүзеге асыру үшін осы елдегі құзырын нығайту бағытында пайдалануына себеп болды. Ағанстандағы Талибан мен шетелдік әскерилердің құзырынан туындаған тұрақсыздық пен АҚШ-тың сол елдегі бүлдіргі саясаттары ДАИШ-тің Ауғанстанды өзінің аймақтық іс-әрекеттерінің орталығы ретінде таңдауының басты себептері болып табылады.

ДАИШ-тің Ауғанстандағы құзырының артуы осы ел үкіметінің Кабул үкіметіне қарсы басты қарулы топ ретінде Талибанмен күресуімен қатар, өзінің лаңкестікке қарсы күшінің бір бөлігін ДАИШ-ке қарсы жұмсауына себеп болды. Талибанның бұрынғы жетекшілері Молла Мұхаммад Аммар мен Молла Ахтар Мансурдың өлімінен кейін Ауғанстандағы Талибан күштерінің бір бөлігінің ДАИШ-ке қосылуы туралы хабарлардың жариялануы ДАИШ-тің осы елдің қауіпсіздігіндегі өзгерістерге әсер етуі ықтималдығын арттырды.

Осы топты ауыздықтау және жою үшін ең қажет нәрсе – АҚШ пен Еуропаның лаңкестікке қатысты екіұшты саясаттарын өзгерту. Бұл саясаттар аймақтағы әсірешілдіктің күн сайын артуына себеп болып отыр. Одан кейін аймақтық кеңістіктерде үкіметтер лаңкестікті жоюдың жолы ретінде аймақтық пікір алмасулар мен әсірешілдікпен күресуге бағытталған ұлттық саясаттар шеңберіндегі ынтымақтастықтарға назар аударылуы керек.