Әзірбайжанның SOCAR компаниясы мен Францияның Total компаниясы газ келісіміне қол қойды
https://itolqyn.com/news/world-i18394-Әзірбайжанның_socar_компаниясы_мен_Францияның_total_компаниясы_газ_келісіміне_қол_қойды
Әзірбайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR мен Францияның Total компаниясы Каспий теңізіндегі «Абшерон» газ кешенін дамыту келісіміне қол қойды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 22, 2016 15:27 Asia/Almaty
  • Әзірбайжанның SOCAR компаниясы мен Францияның Total компаниясы газ келісіміне қол қойды

Әзірбайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR мен Францияның Total компаниясы Каспий теңізіндегі «Абшерон» газ кешенін дамыту келісіміне қол қойды.

Бұл келісімге Total компаниясының атқарушы директоры Патрик Пуянне мен оның тобының Баку сапары кезінде қол қойылды.

Патрик Пуянне Баку сапарында SOCAR басшысы Ровнаг Абдуллаевпен кездесіп, Total компаниясының Әзірбайжанның басқа кешендерін, соның ішінде Каспий теңізіндегі «Umid» пен «Babak»  кешендерін дамыту перпективалары туралы сөйлесті.

«Абшарвон» - Әзірбайжан мен Тотал компаниясы оны дамыту туралы келісімге қол қойған Каспий теңізіндегі үлкен энергетикалық кешендердің бірі. Total компаниясы мен SOCAR «Абшарвон» газ кешенін дамыту жобасына қатысып отыр.