Иран мен Қытайдың Денсаулық сақтау министрлері екі жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады
(last modified Tue, 22 Nov 2016 09:33:25 GMT )
Қар 22, 2016 15:33 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытайдың Денсаулық сақтау министрлері екі жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады

Иран мен Қытай Денсаулық сақтау министрлері медицина, санитарлық гигиена, денсаулық және білім беру салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады.

Денсаулықты нығайту мәселесіне арналған халықаралық 9-шы конференцияға қатысу үшін Қытайдың Шанхай қаласында іс-сапармен жүрген Иранның Денспулық сақту министрі Хасан Қазизаде Хашими Қытайдың Денсаулық министрі Бин Лимен кездесуінде: «Қытай санкциялар кезінде Иранның ең үлкен сауда әріптесі болды. Енді санкциялардың күші жойылған кезде де екі елдің қарым-қатынастары одан ары кеңейе түседі»,- деді.

Хашими Иран мен Қытай арасындағы өткен 9 айдағы сауда айналымының 21 миллиард доллардан асқанына тоқталып: «Иран мен Қытай әртүрлі салаларда, әсіресе денсаулық жүйесінде жақын ынтымақтастық жасай алады»,- деді.

Иранның Денсаулық сақтау министрі  өзінің қытайлық әріптесін Иранға сапармен келуге шақырып: «Сапар аясында екі ел медицина, сантиралық гигиена және білім беру салаларындағы ынтымақтастық құжаттарына қол қояды»,- деді.

Қытайдың Денсаулық сақтау министрі Бин Ли де бұл кездесуде Қытайдың Иранның екі жақты ынтымақтастықтарды кеңейту ұсынысын қолдайтынын айтты.