Қар 22, 2016 22:06 Asia/Almaty
  • Ресейдің әуе күші Сирия армиясына бұрынғыдан көбірек демеушілік жасап отыр

Ресей армиясы қарулы күштерінің қырғи ұшақтары Алеппо қаласының шығыс аймақтарын лаңкестерден тазартуда Сирия армиясына көмектесу үшін ұшу амалдарын арттырып отыр.

Ресейдің әуе күші Сирия армиясының еш қиыншылықсыз Алеппо қаласының шығыс аймақтарын тазарту үшін өзінің әуе шабуылдарын арттырып отыр.

Сирияның «Ауғат әш- Шам» ақпарат агенттігі бүгін сейсенбі күні: «Сирия армиясы қазір Алеппо қаласының шығыс аймақтарын тазарту амалдарын жасап жатыр. Ресей лаңкестік топтардың осы қаланың батыс аймақтарына шабуыл жасау арқылы  армияның іс-қимылдарына кедергі жасамауы үшін іргедегі Идлиб облысының батыс аймақтарына шабуылдарын күшейтіп, лаңкестердің осы аймақтардан армияның қарамағындағы Алеппоның батыс аймақтарына шабуыл жасауына тосқауыл қойып отыр» деп хабарлады.

Сирия армиясының қолбасшылығы Алеппо қаласының шығыс бөлігінде әскери амалдар жасаудағы мақсатының осы аймақты лаңкестерден толығымен қайтару ма, әлде лаңкестерді Алеппо қаласының шығысына, Идлиб облысына қарай қашып кетуге мәжбүрлеу үшін оларға ауыр шығын келтіру ме екендігін әзірше жариялаған жоқ.

 

 

Тегтер