БҰҰ «Палестина халқының өз тағдырын анықтау құқығы» деген қарарға оң дауыс берді
БҰҰ Бас ассамблеясының әлеуметтік, мәдени және адами коммисиясына мүше 193 елдің 170-сі «Палестина халқының өз тағдырын анықтау құқығы» деп аталған қарарға оң дауыс берді.
«Құдс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ, Канада, Маршалл аралы, Микронезия, Науру, Палау Израиль режимінің өкілімен бірге аталмыш қарарға теріс дауыс берді. Басқа бес мемлекет қалыс дауыс берді. Бұл қарар Палестина халқының өз тағдырын анықтап, атап айтқанда тәуелсіз үкіметке ие болуын өзі шешуін қуаттап, барлық елдер мен халықаралық ұйымдардан және БҰҰ-ның қарамағындағы органдардан Палестина халқын қолдап, оларға өз құқықтарына жетуге көмектесуді сұрайды.
БҰҰ Палестина өкілі Риад Мансур дауыс беру нәтижесі жарияланған соң: «Бұл дауыс беру халықаралық қоғамның Палестина халқының өз тағдырын анықтау құқығын қолдайтынын көрсетеді»,- деп мәлімдеді.