Иран Ресей қауымдастықтары саммитінің сайлауына бақылаушы ел ретінде қатысады
Иран мен Ресей парламенттік тобының төрағасы Рамазанали Собхани Ресей Думасы төрағасының шақыруымен Иранның Ресей қауымдастықтары саммитінің сайлауына бақылаушы ел ретінде қатысатынын хабарлап:
«Саммит бейсенбі күні ТМД елдерінің саммитімен бір мезгілде өтеді. Ирандық делегацияның бақылаушы мүше ел ретінде қатысуы ислам республикасы мен Ресей арасындағы сенімді көрсетеді.
Сондай- ақ жұма күні ирандық делегация Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының саммитіне қатысады. Осы отырысқа қатысу Иранның ТМД елдері және Ресеймен қорғаныстық, экономикалық және саяси негіздерде әріптестіктерінің деңгейін арттыруда маңызды. Жоспар бойынша осы сапарда ТМД елдерінің саммитіне қатысушы өзге мемлекеттердің парламенттік топтарымен түрлі отырыстар өтеді» деді.