Грузия Әзірбайжан республикасынан қосымша газ сатып алу бойынша келісім жасауға үміт білдірді
(last modified Mon, 29 Feb 2016 14:31:43 GMT )
Ақп 29, 2016 20:31 Asia/Almaty
  • Грузия Әзірбайжан республикасынан қосымша газ сатып алу бойынша келісім жасауға үміт білдірді

Грузияның Энергия министрі Әзірбайжан республикасынан қосымша газ сатып алу бойынша келісім жасауға үміт білдірді.

Грузияның Энергия министрі Каха Каладзе тілшілерге берген сұхбатында Тбилиси Әзірбайжан республикасынан қосымша газ сатып алу жөнінде Баку үкіметімен келісімге келуге үміт артып отырғанын айтып: ««SOCAR» компаниясымен келіссөздер тақырыбы Шах-Дениз құбыр жолы арқылы Грузияға көбірек көлемде газ тасымалдау болып табылады, бірақ Тбилиси өзін қажетті газбен қамтамасыз ету үшін бір мезгілде «SOCAR» және «Газпроммен» келіссөз жүргізеді» деді.

Грузия өзіне қажетті газдың 85 пайызын Әзірбайжан республикасы арқылы қамтамасыз етеді.