Мәскеу Еуропаға Ресейдің ақпарат құралдарына шектеу қоюына қатысты ескерту жасады
(last modified Fri, 25 Nov 2016 12:59:39 GMT )
Қар 25, 2016 18:59 Asia/Almaty
  • Мәскеу Еуропаға Ресейдің ақпарат құралдарына шектеу қоюына қатысты ескерту жасады

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Еуропарламентте Ресейге қарсы ақпараттық және насихаттық шектеу қою жобасының қаралуын айыптады.

Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы Мария Захарова бейсенбі күні түстен кейін тілшілермен өткізген апталық отырыста: «Осындай жобаның бекітілуі Ресейді бей-жай қалдырмайды. Еуропалықтар қоғамдық пікір арасында Ресейден шайтандық бейне қалыптастыруды қалап отырғандай көрінеді, бірақ Ресейге қарсы ақпараттық және насихаттық шектеу қою сияқты жобалар Мәскеудің лаңкестікке қарсы күресіне кедергі бола алмайды. Ресей Еуропа мен өзге елдердің лаңкестердің құзырынан аман қалуы үшін лаңкестермен күреседі, бірақ еуропалықтардың шаралары лаңкестердің мақсаттары бағытында» деді.

Украина және Сирия дағдарысы бойынша Батыстың Ресеймен келіспеушіліктері ұлғайған соң Батыс түрлі салалар бойынша Ресейге қарсы өшпенділік шараларын арттырып отыр.