Америкалық күштер Йеменнің оңтүстігіне кірді
https://itolqyn.com/news/world-i18766
Сауд Арабиясы мен оның жалдамалы күштерінің Йеменге қарсы шабуылдарының күшеюімен орайлас кейбір дереккөздері америкалық күштердің Йеменнің оңтүстігіне кіргенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 27, 2016 21:04 Asia/Almaty
  • Америкалық күштер Йеменнің оңтүстігіне кірді

Сауд Арабиясы мен оның жалдамалы күштерінің Йеменге қарсы шабуылдарының күшеюімен орайлас кейбір дереккөздері америкалық күштердің Йеменнің оңтүстігіне кіргенін хабарлады.

Жергілікті дереккөздері америкалық күштердің Аденге кіргенін растағанымен осы күштердің Аденге кіруінің себептері мен олардың миссиясы туралы мәліметтер жариялаған жоқ. Әскери дереккөздері осы күштер отставкадағы президент Абд-Раббу Мансур Хадидің Аден облысындағы Хор Максер қаласына кіруімен бір мезгілде осы қаладағы бір қонақ үйге қатаң қауіпсіздік шараларымен кірді деп мәлімдеді. АҚШ – Сауд Арабиясының Йеменге шабуылын қолдап отырған елдердің бірі.