Талибанның жетекшілік кеңесі бюросының Пәкістаннан Ауғанстанға көшірілуі теріске шығарылды
https://itolqyn.com/news/world-i18781
Ауғанстанның Гилманд уалаятының әкімі Хаятолла Хаят Талибан тобының жетекшілік кеңесі бюросының Пәкістанның Кветта қаласынан Ауғанстанға көшірілмегенін баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 27, 2016 22:21 Asia/Almaty

Ауғанстанның Гилманд уалаятының әкімі Хаятолла Хаят Талибан тобының жетекшілік кеңесі бюросының Пәкістанның Кветта қаласынан Ауғанстанға көшірілмегенін баса айтты.

Осыдан бұрын америкалық «The New York Times» газеті «Талибан» тобының жетекшілік кеңесінің бюросы осы топтың соңғы кездегі ілгерілеушіліктерінен және Ауғанстанның кейбір аймақтарын басып алғаннан кейін Пәкістаннан Ауғанстанға көшірілді деп хабарлаған болатын. Талибан тобының жетекшілік кеңесінің 16 мүшесі бар. Олар осы топтың күнделікті қызметі мен стратегиясын өзгертуге жетекшілік етеді.