Нардаран оқиғасында қаза тапқандардың жерленген жері анықталды
https://itolqyn.com/news/world-i1879-Нардаран_оқиғасында_қаза_тапқандардың_жерленген_жері_анықталды
Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдары Нардаран оқиғасында қаза тапқандардың жерленген жері анықталды деп хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 29, 2016 22:07 Asia/Almaty
  • Нардаран оқиғасында қаза тапқандардың жерленген жері анықталды

Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдары Нардаран оқиғасында қаза тапқандардың жерленген жері анықталды деп хабарлады.

«Факт» сайтының хабарлауы бойынша, Нардаран оқиғасында қаза тапқандардың төртеуі осы ауылдың ескі зиратына жерленген.

Әзірбайжан республикасы қауіпсіздік күштерінің 2015 жылдың 26-шы қараша күні Нардаран ауылындағы мешітте аза тұту мәжілісіне жасаған шабуылы барысында мұсылмандар қозғалысының жетекшісі Тале Бағерзаде ондаған исламшыл белсендімен бірге құрықталып, нардарандық 5 діндар қаза тапқан болатын.