Лариджани Куба революциясы жетекшісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
(last modified Mon, 28 Nov 2016 09:21:56 GMT )
Қар 28, 2016 15:21 Asia/Almaty
  • Лариджани Куба революциясы жетекшісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Кубаның Халық билігі ұлттық ассамблеясы төрағасына жолдаған хатында осы елдің жетекшісі Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні кубалық әріптесі Хуан Эстебан Ласо Эрнандеске жолдаған хатында Кубаның парламенті, үкіметі мен халқына көңіл айтумен қатар: "Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастроның есімі әлемнің жер-жерінде, әсіресе Латын Америкасындағы халықтардың азаттыққа жету және отаршылдықтан арылу жолындағы ұзақ күрестерінің тарихымен байланысты. Кастро – жиырмасыншы ғасырдың тарихындағы ұмытылмайтын көрнекті тұлғалардың бірі" деді.