Иран мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесті
(last modified Tue, 29 Nov 2016 10:11:23 GMT )
Қар 29, 2016 16:11 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесті

Иран мен Ресей президенттері дүйсенбі күні кешке телефон арқылы сұхбатта мұнай нарығы және оны тұрақтандыру мақсатында мұнай шығару көлемін шектеудің маңыздылығы туралы сөйлесті.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран мен Ресей президенттері  Хасан Рухани мен Владимир Путин телефон арқылы мұнай нарығы туралы сөйлесіп, осы салада ынтымақтастық жасауға келісті. Иран мен Ресей президенттері мұнай нарығын тұрақтандыру үшін ОПЕК-тің мұнай шығару көлемін шектеудің маңыздылығын қуаттады.

Осы мәліметке сәйкес, Хасан Рухани мен Владимир Путин Сирия дағдарысын шешу саласындағы ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін жақын ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін баса айтты.

Ресей Президенті Владимир Путин сонымен бірге имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесіне зияратқа бара жатқан көптеген адамның қаза болуы мен жарақат алуына себеп болған Семнан облысындағы жолаушы пойызының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Хасан Рухани Ресей Президентінің  Семнандағы екі пойыз апатына көңіл айтуына алғыс айтып, екі елдің әсіресе экономикалық саладағы ынтымақтастығының сындарлы үдерісін қолдады.