Қар 29, 2016 22:10 Asia/Almaty
  • Колумбияда Бразилия футболшылары мінген ұшақ құлады

Колумбияның ресми қайраткерлері осы елдің орталығында апатқа ұшыраған Бразилияның Chapecoense командасының ойыншылары мінген ұшақтан 6 адамның аман қалғанын мәлімдеді.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Бразилияның Chapecoense командасының ойыншылары мінген ұшақта 81 адам болған.

Колумбияның әуежай басшыларының айтуы бойынша, Медельин қаласынан 50 шақырым жердегі оқиға орнына ауа райының қолайсыздығына байланысты  тек құрлық арқылы ғана баруға болады.

Chapecoense командасының ойыншылары Оңтүстік Америка кубогі финалында Atlético Nacional клубымен кездесуі тиіс болған.

 

 

 

 

Тегтер