Лаңкестікпен шынайы күрес мемлекеттердің мықты талабына байланысты
(last modified Wed, 30 Nov 2016 02:13:05 GMT )
Қар 30, 2016 08:13 Asia/Almaty
  • Лаңкестікпен шынайы күрес мемлекеттердің мықты талабына байланысты

Иран мен Қазақстанның бас прокурорлары аймақ пен әлем елдерінің лаңкестікпен шынайы күрес үшін мықты талапқа ие болуы қажеттігін қуаттады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның бас прокуроры Мұхаммад Жафар Монтазери сейсенбі күні Қытайдың Санья қаласында Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асановпен кездесуінде лаңкестік және ұйымдасқан қылмыспен күрестің мемлекеттердің мықты талабына байланысты екендігін баса айтып: «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер осы сұм құбылыстарға тосқауыл қою үшін мықты талапқп ие болуы керек.

Өкінішке орай, адам құқығын қорғау туралы уәж айтатын Батыс елдерінің өздері лаңкестіктің демеушілері. Бүгінде аймақ елдері тарихи жауапкершілікті мойындарына алып отыр. Сол себепті өз жауапкершіліктерін атқаруы керек» деді.

Қазақстанның бас прокуроры да осы кездесуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің бас прокурорларының отырысын ұйымдасқан қылмыс, экстремизм және лаңкестікке тосқауыл қоюға мүше елдер арасындағы байланысты кеңейту мен тереңдету үшін жақсы мұрсат деп бағалады.

Жақып Асанов мемлекеттердің лаңкестікпен күрес алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, мемлекеттерді осы сұм құбылысқа тосқауыл қоюға көбірек назар аударуға шақырды.