Ресей Сыртқы істер министрлігі жаңа санкцияларға реакция білдірді
(last modified Wed, 30 Nov 2016 12:05:34 GMT )
Қар 30, 2016 18:05 Asia/Almaty
  • Ресей Сыртқы істер министрлігі жаңа санкцияларға реакция білдірді

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Канаданың Ресейге қарсы санкцияларының екі елдің қарым-қатынастарына теріс әсер ететінін хабарлады.

«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз   хатшысы Мария Захарова сейсенбі күні Канаданың санкциялар тізіміндегі Ресей  басшылары есімдерінің артуына реакция білдіріп, олардың қисынсыз әрекеттерімен екі елдің ынтымақтастықтарына зиян келтіруін айыптап: «Канада үкіметі Барак Обама үкіметіне бағынып, оның сәтсіздікке ұшыраған Ресейге қарсы саясатын жалғастыруда»,- деді.

Канада үкіметі дүйсенбі күні Украинаға қатысты мәселелерге байланысты санкция салынған ресейлік басшылардың тізіміне 15 адамның есімін қосты.