Батыс ДАИШ-тың химиялық қару қолдануына байланысты жауап беруі керек
Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымындағы Иранның өкілі Әлиреза Джаһангири Гаагада сейсенбі күні Ирак пен Сириядағы ДАИШ пен Джебхат ан-Носрат (Фатх әш-Шам) сынды лаңкестік топтардың химиялық қару қолдануына демеушілік жасайтын елдердің жауап беруге міндетті екендігін қуаттады.
Бұдан бұрын Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының басшысы Ахмет Узумджю: «Ирак пен Сириядан алынып, лабораториялық анализден өткен үлгілер құрамдарды ДАИШ-тың өзі өндіру ықтималын көрсетеді»,- деген болатын. Әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша, ДАИШ 2014-ші жылдан бері Ирак пен Сирияда химиялық қаруды 71 реттен артық қолданды. Ал Батыс-араб майданы болса, Сирия үкіметін химиялық қару қолданды деп айыптауға талпыныс жасауда.
Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Меқдад дүйсенбі күні кейбір Батыс ақпарат құралдарындағы Сирия үкіметінің улы химиялық заттарды қолданды деген көптеген айыптауларды дәлелдейтін ешбір құжаттың жоқтығын жариялады.
ДАИШ Фатх әш-Шам сынды басқа лаңкестік топтармен бірге Сирияда қылмыстарын бастағаннан бері Батыс пен кейбір араб үкіметтерінің қару-жарақ және логистикалық қолдауына ие болуда. Лаңкестердің Сирия армиясына қарсы соғысқа қажет күнделікті қарумен жабдықталуы ДАИШ пен Фатх әш-Шамға Сирияның лабораторияларына жол тауып, шабуылдары үшін қажет химиялық құрам шығаруға мүмкіндік қалыптастырды.
ДАИШ бұл әрекетімен Фатх әш-Шам (Джабхат ан-Носрат) мен осы топқа қосылған Батыстың оқыған адамдарының арнайы мақсатты көздегендерін көрсетеді. Лаңкестердің ықтиярына технологияны пайдалану үшін мүмкіндік тудыру хабардар түрде орын алды, сондықтан Батыс, әсіресе АҚШ бұл тұрғысында жауап беруге міндетті.
Батыстың лаңкестікпен күрес саясаты ДАИШ пен Джабхат ан-Носрат лаңкестерін құртуға ешбір әсерін тигізбеді. Іс жүзінде Батыстың лаңкестікпен күрес ұранының аясында бұл лаңкестік топтар әртүрлі әскери жабдықтар, соның ішінде қатерлі қаруларға ие болып, оларды Ирак пен Сирия халқын қыруға пайдаланды. ДАИШ пен басқа лаңкестік топтардың химиялық қаруды пайдалануы тек Ирак және Сириямен шектелмейді, олар бүкіл адамзатты қатерге тіреп отыр.
Батыстың қолдауына ие лаңкестік топтардың химиялық заттарды қолдануы адам құқығын қорғау туралы ұрандарға қайшы және халықаралық заңдар бойынша лаңкестікті құрал ретінде пайдаланушылар заң мен қоғамдық пікірдің алдында жауап беруі керек.