Лариджани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзудың теріс салдарлары болады
(last modified Thu, 01 Dec 2016 10:03:01 GMT )
Жел 01, 2016 16:03 Asia/Almaty
  • Лариджани: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзудың теріс салдарлары болады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу Иран оған көзжұмбайлық танытатын мәселе емес»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Қытайдың «Феникс» телеарнасына берген сұхбатында Иранға қарсы санкцияларды ұзарту ықтималдығын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу деп атап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – екіжақты келісім емес, халықаралық келісім. Әлемнің 6 маңызды елі, соның ішінде Қытай осы келісімнің жасалуында рөл атқарды. «Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өзінің міндеттемелерін орындады. Ал егер, қарсы тарап өзінің бағытын өзгертетін болса, Иран да соған сәйкес өзгерістер жасайды»,-деді.

Лариджани АҚШ пен олардың одақтастарының Таяу Шығыстағы, әсіресе Сириядағы амалдарын қателік деп атап: «Олар бүгінде Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге болмайтынын, саяси шешім жолына бет бұру қажеттігін түсінді»,-деді.

Лариджани, сондай-ақ, Йеменді бомбалаудың жалғасып жатқанына тоқталып: «Саудиялықтар Йеменге қатысты стратегиялық қателік жіберіп, Иран Йеменнің ісіне араласады деген уәж айтады. Иран бұл елдің ісіне мүлдем араласпайды. Бұл – Йемен мен Сауд Арабиясы арасындағы тарихи егес»,-деді.