Өзбекстанда президент сайлауы өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i18982
Өзбекстанның президенттік сайлауы келесі аптаның күні 4 желтоқсанда осы елдің 4 үміткерінің қатысуымен өтеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 01, 2016 17:47 Asia/Almaty
  • Өзбекстанда президент сайлауы өтеді

Өзбекстанның президенттік сайлауы келесі аптаның күні 4 желтоқсанда осы елдің 4 үміткерінің қатысуымен өтеді.

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының өзбек тіліндегі радиосының хабарлауы бойынша, осы сайлауда 4 үміткер, соның ішінде  «Адолат» социал-демократиялық партиясынан Нариман Умаров, Халық демократиялық партиясынан Хотамжон Кетмонов, Либерал-демократиялық партиядан Шавкат Мирзияёв және «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан Сарвар Отамурадов бәсекелестікке түседі.

Айта кету қажет, қазір уақытша Президент қызметін атқарып жатқан Шавкат Мирзияёвтің осы елдің президенті болып сайлану мүмкіндігі зор.

Өзбекстанның Орталық сайлау штабының шақыруымен келген Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары қарашаның жиырма тоғызынан желтоқсанның бесіне дейін осы елдегі президенттік сайлауға дайындық жұмыстары мен сайлаудың өткізілу барысын бақылайды.