ОПЕК-ке мүше елдер тарихи келісімге қол қойды
(last modified Thu, 01 Dec 2016 12:04:43 GMT )
Жел 01, 2016 18:04 Asia/Almaty
  • ОПЕК-ке мүше елдер тарихи келісімге қол қойды

Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК-ке мүше елдер сәрсенбі күні Венада отырыс өткізіп, шикі мұнай өндірісінің көлемін күніне 1 млн 200 мың баррельге азайтып, ОПЕК-тің күнделікті өндірісін 32 млн 500 мың баррельге жеткізуге келісті.

Венадағы ОПЕК отырысының қорытынды мәлімдемесі бойынша, ОПЕК-ке мүше елдердің тарихи келісімі нарықтағы артық мұнай көлемін азайтуды тездетіп, әлемдік мұнай нарығында қайтадан тепе-теңдік орнату мақсатында жасалды. 

Венадағы ОПЕК-тің қорытынды шешімі бойынша,  Сауд Арабиясы  өзінің мұнай өндірісінің көлемін күніне 10 млрд 60 мың баррельге азайтады. Сауд Арабиясының мұнай өндірісінің көлемі өткен қазан айында күніне 10 млн 540 мың баррелді құраған болатын. ОПЕК келісімі Иранға өзінің мұнай өндірісінің көлемін күніне 3 млн 975 мың баррельге жеткізуге рұқсат берді.  Яғни Иранның мұнай өндірісінің көлемі санкцияларға дейінгі деңгейге жетеді.

Венадағы ОПЕК-тің тарихи келісімінің жобасы осыдан бұрын Алжирдің астанасы Алжир қаласында жасалған болатын. Бұл келісім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап орындалатын болады. Алжир келісімі 2016 жылы 30 қарашада Венада өткен отырыста әлемдік мұнай нарығының дағдарыс жағдайын түсінудің арқасында жүзеге асырылды деп айтуға болады.

Мұнай бағасының 2014 жылы 115 доллардан шамамен 30 долларға дейін төмендеуі, содан соң 50 долларға дейін жетуі маңызды мұнай ойыншыларын, соның ішінде Сауд Арабиясын  әлемдік мұнай нарығындағы дағдарыстан бұдан да көп зарар көрмеу үшін соңғы минуттарда ОПЕК-тің келісіміне келісуге мәжбүрледі.

Венада ОПЕК отырысын өткізбес бұрын осы ұйымға мүше елдердің мұнай өндірісінің көлемін азайтуға келісетіні жүз пайызғы айқын емес болатын. Сауд Арабиясының 30 қарашаға дейінгі ұстанымы осы мәселені растай түседі.

Венадағы ОПЕК отырысы аяқталғанда реалистік көзқарастың мұнай дағдарысынан шығудың жалғыз жолы екені және саяси ұстанымдардың мәселені шешпейтіндігі айқын болды. Сауд Арабиясы тарапынан Иранның мұнай өндірісінің көлемін азайту қажеттігінің баса айтылуының заңды және қисынды негізі болмады. ОПЕК-тің Иранға күніне  3 млн 975 мың  баррель мұнай өндіруге рұқсат беруі Иранның заңды құқығы. Басқаша айтқанда, ОПЕК Иранның мұнай саласындағы сындарлы дипломатиясының ығына жығылды.

Венада келісілген құжат бойынша, Сауд Арабиясы өзінің қара алтын өндірісінің көлемін күніне 486 мың баррельге, Ирак 210 мың баррельге, БАӘ 139 мың баррельге, Кувейт 131 мың баррельге азайтатын болды. Сауд Арабиясы мен басқа да елдердің артық өндірген мұнайы оның бағасының төмендеуінде маңызды рөл атқарды. Бұл елдің мұнай өндірісінің көлемін азайтуы олардың басқаларға құрмет көрсетуі және ОПЕК-пен үйлесіп жұмыс жасауы болып табылады.

Венадағы ОПЕК отырысының соңында 2008 жылдан бері алғаш рет орын алған оқиға мұнай ойыншыларының қатты қасарысқанына қарамай сәттілікке жетуі болды. Бұл тарихи келісім әлемдік мұнай индустриясында нарықтағы ұсыныс пен тапсырысты теңестіру үшін маңызды шара болады.

ОПЕК-тің мұнай келісімінің алғашқы әсері сәрсенбі күні Нью-Йорк нарығында мұнай бағасының шамамен 10 пайызға өсуінен байқалды. Нью-Йорк нарығында West Texas Intermediate мұнайының бағасы 2017 жылдың қаңтар айында жеткізілу шартымен барреліне 4 доллар 21 центке көтеріліп, 49 доллар 44 центке жетті.