Армения мен Ресей бірлескен күш құрады
Армения мен Ресей бірлескен әскери күшінің қолбасшысы екі елдің бірлескен күш құрудағы мақсатын Армения мен Ресейге ықтималды шабуылға тосқауыл қою үшін дайындық деп атады.
Армения мен Ресейдің бірлескен әскери күшін құру келісімшартына сәрсенбі күні Мәскеуде Армения мен Ресей Қорғаныс министрлері Виген Саргсян мен Сергей Шойгу қол қойды. Армения мен Ресей бірлескен әскери күшінің қолбасшысы генерал-майор Андраник Макарян бұл туралы: «Осы келісім бойынша екі ел саяси-әскери жағдайды бірлесіп сараптау, бірлескен күштер құрылымын құру, бірлескен күштерді басқару және іс-қимылдарды ұйымдастыру, әскери қолбасшылыққа қатысты мәселелер туралы келісімге келд» деді. Ресейлік сарапшы маман Модест Колеровтің пайымдауынша осы келісімшарт саяси тұрғыдан екі тарап үшін де, әсіресе Армения үшін ерекше маңызға ие. Армения Қорғаныс министрі Виген Саргсян екі жақты сұхбаттасу үшін Ресей астанасы Мәскеуге сапар шекті.