Ваэзи: Теһран-Баку өзара ынтымақтастықтарын кеңейтеді
(last modified Fri, 02 Dec 2016 01:55:18 GMT )
Жел 02, 2016 07:55 Asia/Almaty
  • Ваэзи: Теһран-Баку өзара ынтымақтастықтарын кеңейтеді

Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Иран мен Әзірбайжан республикасының екіжақты байланыстарын кеңейтуге келіскенін хабарлады.

Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі әрі Иран мен Әзірбайжан республикасының экономикалық бірлескен комиссиясының төрағасы Махмуд Ваэзи Бакуге жасаған үш күндік сапарының соңында Теһран мен Бакудың банк мәселелерін шешуді тездету, коммерциялық байланыстарды кеңейту және алдағы бір айдың ішінде Бакуде дәрі-дәрмек жасау кәсіпорнын салу амалдарын бастау негізінде келісімге келгенін хабарлады.

«Bakutel-2016» көрмесіне қатысу үшін Әзірбайжан республикасына сапармен келген Махмуд Ваэзи осы сапардың коммуникация саласындағы жетістіктерін оң бағалап, Иранның жекеменшік секторының коммуникация саласында Әзірбайжан республикасының нарықтарымен ынтымақтастық жасауы үшін алғышарттың әзірленгенін айтып: «Биылғы жылы екі ел арасындағы сауда- саттық көлемінің 75 пайызға артуына байланысты екі елдің бір-біріне экспорттайтын тауарларының тізімін даярлауға және кедендік жеңілдіктер жасап, коммерциялық байланыстарды кеңейту туралы келісім жасалды.

Шекаралық көпір салу және Әзірбайжан республикасының Астара қаласының темір жолын Иранның Астара қаласының темір жолына қосуға қатысты барлық мәселелерді алдағы үш аптада шешу екі елдің арасында жасалған келесі келісімдердің қатарын құрады» деді.