АҚШ-тың Сенат палатасында Иранға қарсы санкциялар ұзартылды
(last modified Fri, 02 Dec 2016 09:42:44 GMT )
Жел 02, 2016 15:42 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сенат палатасында Иранға қарсы санкциялар ұзартылды

Иранға қарсы санкцияларды он жылға ұзарту туралы жоба 99 оң дауыспен және ешбір қарсылықсыз бейсенбі күні АҚШ-тың Сенат палатасында бекітілді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  бұдан бұрын АҚШ-тың Өкілдер палатасы да Иранға қарсы санкцияларды он жылға ұзарту туралы жобасын Демократтық және Республикалық партиялардың қолдауымен бекіткен болатын. Бұл жоба 419 оң дауыс және 1 қарсы дауыспен АҚШ-тың Өкілдер палатасында бекітілген болатын.

ИИР-ға қарсы санкциялар заңын он жылға ұзарту АҚШ-тағы президенттік сайлауда Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін орындалып отыр. Ол АҚШ-тың қазіргі үкіметінің Иранға қатысты саясатын сынаған болатын.

Бұл заң заңдық күшіне енуі үшін оған АҚШ Президенті қол қоюы керек.

Иранға қарсы санкцияларды он жылға ұзарту туралы заң жобасын қолдаушылардың айтуынша,  Иранға қарсы санкциялар заңын ұзарту АҚШ-қа Теһранды ядролық келісімнің баптарына берік болмаған жағдайда жазалауға мүмкіндік береді.

Бұл АҚШ үкіметі өткен қаңтар айынан бері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бастап өзінің ядролық келісім аясындағы  міндеттемелерін орындамаған жағдайда орын алып отыр.

ИИР өзіне қарсы санкциялар заңын ұзартуды жаңа санкциялар бекіту және ядролық келісімді әшкере түрде бұзу деп санайды.