Зариф: Санкцияларды ұзарту АҚШ үкіметінің біліксіздігін көрсетеді
ИИР Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды ұзартуы халықаралық қауымдастық тұрғысынан АҚШ үкіметінің біліксіздігін көрсетеді»,-деді.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін таңертең Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласына кірер алдында тілшілерге берген сұхбатта АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды ұзартуына реакция білдіріп: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайшы әрекет етуде. Америкалықтар Иранға қарсы санкцияларды бұрын да тоқтатуға міндетті болған. Қазір де оны жүзеге асыру ісі тоқтатылып тұр. Бұл жағдайдың үшінші елдер үшін ешқандай айырмашылығы жоқ.
Америка Конгресінің Иранға қарсы жасаған әрекетіне АҚШ Президенті Барак Обама тарапынан қол қойылса да, ол жүзеге асырылатын күшке ие болмайды»,-деді.