Ақ Үй: Обама Иранға қарсы санкцияларды ұзарту туралы заңға қол қояды
(last modified Sat, 03 Dec 2016 09:36:57 GMT )
Жел 03, 2016 15:36 Asia/Almaty
  • Ақ Үй: Обама Иранға қарсы санкцияларды ұзарту туралы заңға қол қояды

Ақ Үйдің ақпарат өкілі Эрик Шульц АҚШ Президенті Барак Обаманың Иранға қарсы санкцияларды ұзарту туралы заңға қол қою ықтималдығын айтып: «Вашингтон Иранға қарсы санкцияларды ұзарту ісі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайшы келмейді деп санайды»,-деп мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Эрик Шульц жұма күні өткен баспасөз конференциясында: «АҚШ Президенті Иранға қарсы санкцияларды ұзарту туралы заңға қол қояды, бірақ ондағы ядролық мәселеге қатысты баптар заңдық күшіне енбейді.

АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының толығымен орындалуын қалайды. Алайда бұл Вашингтонның  Иранның аймақтағы белсенділіктері, лаңкестікке қолдау көрсетуі мен баллистикалық зымырандарына қатысты басқа алаңдаушылықтарының азайғанын білдірмейді»,-деген уәж айтты.

Шульцтың сөздері АҚШ үкіметінің өткен қаңтар айында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыруды бастағаннан бері өзінің ядролық келісім аясындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда айтылып отыр.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми да жұма күні Иранның өзінің халықаралық келісімдеріне берік екендігін, бірақ өз халқының құқығын кез-келген жағдайда қисынды да әсерлі түрде қорғау үшін тиісті болжамдар мен дайындықтар жасағанын қуаттады.