Оңтүстік Кореяда халық ел президентінің қызметтен кетуін талап етуде
(last modified Sat, 03 Dec 2016 15:53:11 GMT )
Жел 03, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Кореяда халық ел президентінің қызметтен кетуін талап етуде

Оңтүстік Кореяда наразылық шеруі басталғаннан бергі алтыншы аптада елдің жүздеген мың азаматы ел президентінің қызметтен кетуін талап етті.

Оңтүстік Кореядағы наразы халық сенбі күні парламенттегі оппозициялық партиялардың өкілдері осы елдің президенті Пак Кын Хеге импичмент жариялауды ұсынғаннан бірнеше сағат өткеннен кейін шеру өткізді. Оңтүстік Корея президентіне өзінің ескі досы Цой Сун Сильдің сыбайластығымен билікті асыра пайдаланып, қаржы саласында жемқорлық жасады деген айып тағылды. Ол халықтың отставкаға кету талабына қарсылық танытып отыр.