Сионистік режимнен Голан жоталарынан шығу талап етілді
(last modified Sat, 03 Dec 2016 16:41:34 GMT )
Жел 03, 2016 22:41 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнен Голан жоталарынан шығу талап етілді

БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, сионистік режимнен Голан жоталарынан шығуды талап етті.

37 ел тарапынан ұсыныс жасалып, басым дауыспен бекітілген осы қарарда сионистік режимге 1967 жылдан бергі жаулап алған Голан жоталарынан шығу талап етілді.

Қарарда сондай-ақ Израиль режиміне 1981 жылдан осы уақытқа дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 497 қарарына берік болмағаны үшін сын айтылды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа қарарында Израиль режимі Голан жоталарын жаулап алуына байланысты осы ұйымның жарғысы мен халықаралық заңдарды бұзды деп тағы айыпталды.

Ассамблея мүшелері сионистік режим күштерінің Голан жоталарындағы әрекеттерін қатаң сынады.