Зариф: Иран мен Үндістанның сауда-саттық байланыстары энергия саласынан жоғары
ИИР Сыртқы істер министрі Иран мен Үндістанның экономикалық және сауда-саттық саласындағы мүмкіндіктеріне сілтеме жасап, екі елдің сауда-саттық саласындағы байланыстарының мұнай, газ және энергиядан әлдеқайда жоғары екендігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Нью-Делиде ирандық және үндістандық кәсіпкерлердің бірлескен отырысында екі елдің байланыстарын кеңейтуді қуаттап: «Иран мен Үндістанның экономикасы ең ірі энергия өндіруші мен тұтынушы елдер ретінде бір-бірін толықтырады» деді.
Зариф Иран мен Үндістанның тарихи және мәдени қарым- қатынастарына сілтеме жасап: «ИИР ешқашан санкциялардың қиын- қыстау кезіндегі Үндістанның ынтымақтастығын ұмытпайды» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Теһранның Нью-Делимен ынтымақтастық және сауданы кеңейту міндеттемесін тілге тиек етіп: «Үндістан мен Иран арасындағы сауда- саттықты жылдамдату үшін алғышарт әзірлеу керек» деді.
Зариф Иранның оңтүстік- шығысындағы Чабахар портын Үндістанмен бірлесіп ынтымақтастық жасау үшін қолайлы негіз деп атап: «Чабахарға инвестиция салу тек Иран мен Үндістан үшін ғана емес, сонымен қатар аймақ үшін де маңызға ие» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Чабахар порты мен «Солтүстік-оңтүстік» дәлізін аймақ экономикасының дәуірлеуіне себеп болады деп бағалап, Чабахар портының Үндістанды Ауғанстан, Орталық Азия, Ресей және Еуропамен байланыстыра алатыны айтты.
Ирандық және үндістандық кәсіпкерлердің бірлескен отырысы Иран Сыртқы істер министрі мен Үндістанның Мұнай министрі Дхармендра Прадханның қатысуымен Үндістанның астанасы Нью- Делиде өтті.
Иран Сыртқы істер министрі делегацияны бастап, экономикалық және саяси отырыс пен конференцияға қатысып, Үндістанның жоғары деңгейдегі басшыларымен сұхбаттасу үшін осы елге сапармен келді.