Өзбекстандағы президенттік сайлауға дауыс беру шартына ие азаматтардың 45 пайыздан астамы қатысты
(last modified Sun, 04 Dec 2016 15:45:00 GMT )
Жел 04, 2016 21:45 Asia/Almaty
  • Өзбекстандағы президенттік сайлауға дауыс беру шартына ие азаматтардың 45 пайыздан астамы қатысты

Өзбекстандағы президенттік сайлауға дауыс беру шартына ие азаматтардың 45 пайыздан астамы қатысты.

Иранның сыртқа хабар тарататын тәжік тіліндегі радиосының сенбі күнгі хабарлауынша, Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы өз мәліметінде осы елдегі президенттік сайлауға дауыс жинау басталғаннан 6 сағат өткенде 9 миллион 300000-нан астам адам дауыс беру орындарына келді.

Осы сайлауда 21 миллион 435 000 адам дауыс беру шартына ие.

Осы ретте ТМД елдерінің бақылаушылар тобының төрағасы Сергей Лебедев "РИА Новости" агенттігіне берген: «Өзбекстандағы сайлауға дауыс берушілердің қатысу деңгейі өте жоғары. Сайлау тыныш кеңістікте өтуде. Дайындық шаралары үшін көп еңбектің сіңірілгені сезіледі» деді.

Ол Өзбекстандағы президенттік сайлауды жарамды деп бағалап: «Осы уақытқа дейін ТМД елдерінің бақылаушыларына және олармен сұхбаттасқан жергілікті бақылаушыларға сайлау үдерісінде жолсыздықтың болғаны туралы хабарланған жоқ» деді.