Америка халқы Израильге қарсы санкция салуды қолдайды
Жел 05, 2016 07:51 Asia/Almaty
Brookings институты сауалнамасының нәтижелері бойынша америкалықтардың 46 пайызы сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауы мен жаулап алынған Құдста қалашық салуына қатысты реакцияда осы режимге қарсы жазалау шарасын қолдайды.
Америка халқының Израиль режиміне санкция салуды қолдауына қарамастан Америка басшылары өз халқының қалауын елемей, әрдайым Израильге материалдық және әскери тұрғылардан қолдау көрсетуде. Сионистік режимнің қалашықтар тұрғызу шаралары халықаралық қауымдастық пен көптеген елдердің наразылығын тудырып отыр. Осы режимнің қалашықтар тұрғызудағы мақсаты Палестина елінің демографиялық құрамын сионистердің пайдасына өзгерту болып табылады.
Тегтер