Зариф: Иран Ауғанстан үкіметі мен халқына қолдау көрсетуін жалғастырады
Иран Сыртқы істер министрі Иран ислам республикасының Ауғанстан үкіметі мен халқының тұрақты, қауіпсіз және дамыған ел дәрежесіне жетуі үшін көмектесуін жалғастыратынын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Үндістанның Амритсар қаласында "Азия жүрегі – Ыстамбұл үдерісі" атты алтыншы конференцияда жасаған баяндамасында: «Ауғанстанға көмектесу үдерісінің негізі осыдан 5 жыл бұрын аймақтық ынтымақтастықты алға ілгерілету және Ауғанстанды қауіпсіз, тұрақты әрі дамыған ел деңгейіне жеткізу мақсатында қаланды» деді.
Зариф аймақта есірткі заттар өндіру мен экстремистік қатыгездіктердің өрістеуіне сілтеме жасап: «БҰҰ- ның есірткі заттарды бақылау бюросының соңғы мәліметтері бойынша есірткі заттар өндірісі өткен жылы 43 пайызға өскен. Бұл лаңкестік топтар мен есірткі заттар контрабандасымен айналысушылардың өсуі үшін қолайлы жағдай жасап отыр» деді.
Зариф ДАИШ- тің лаңкестік шараларының Ауғанстан ішінде өрістеуіне сілтеме жасап: «Иран бейбітшілік үдерісінің Кабул үкіметінің жетекшілігі және аймақ елдері ие барлық мүмкіндіктерді пайдаланудың арқасында жалғасуы мен Ауғанстанды баянды бейбітшілікке қарай бастауына үміт артып отыр.
Иран, Үндістан және Ауғанстанның Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабахар портын дамыту туралы үшжақты келісімшартының Ауғанстанның ашық теңіз арқылы әлемдік нарыққа қол жеткізуі жолындағы маңызды қадам болып, Ауғанстанның дамуына көмегін тигізетінін айтты.