ДАИШ-тың Кавказ аймағындағы басшысы өлтірілді
Ресейдің қауіпсіздік қызметі Дағыстан республикасының астанасы Махачкала қаласына жақын жерде болған әскери амалда ДАИШ-тың Кавказ аймағындағы басшысын өлтірді.
Press TV телеарнасының жексенбі күнгі Ресейдің RT телеарнасына сілтемес жасап хабарлауынша, ДАИШ-тың Кавказ аймағындағы басшысы Рустам Асельдеров бес лаңкеспен бірге осы амалдар барысында өлтірілген.
«Абу Мұхаммад» деген атпен танымал Асельдеров Ресейдің оңтүстік-батысындағы Волгоград қаласында болған лаңкестік шабуылдарға қатысқан.
Үш жыл бұрын болған осы шабуылдарда 30-дан астам адам қаза тауып, ондаған адам жараланған болатын.
Ресейдің қауіпсіздік күштері бұл амалды сенбі күні Талги ауылы маңында жүргізді
Ресейдің қауіпсіздік қызметі, сондай-ақ, амалдар жүрген аймақтан лаңкестерге тиесілі жарылғыш заттар мен қару-жарақтарға толы үлкен қойманы анықтап, тәркіледі.