Жел 05, 2016 22:00 Asia/Almaty
  • Нигерия мұсылмандары шейх Зәкзакиді қарсы алуға әзірленуде

Нигерия мұсылмандары осы елдің Исламдық Қозғалысының жетекшісін қарсы алуға әзірленуде.

Нигерия Исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибрахим Зәкзаки мен оның жұбайының таяуда азат етілу үкімі Нигерияның сот аппараты тарапынан расталған соң халық арнайы топтар құрып, шейх Зәкзакиді қарсы алуға әзірленуде.

Шейх Зәкзакидің азат етілуі Нигерия Исламдық қозғалысы үшін үлкен жеңіс саналып, осы елдегі шиіттердің белсенділігі алдағы айларда қайтадан жанданатын болады.

Нигерияның жоғары соты тарапынан қабылданған үкімдер бойынша Нигерияның қауіпсіздік күштері шейх Зәкзакиді 45 күн ішінде Нигерия полициясының басшыларына табыс етуге міндетті.

2015 жылы 13 желтоқсанда Зария қаласы армиясының Кодонаның солтүстігіндегі "Бағиятолла" хосейниесіне жасаған шабуылдың салдарынан осы елдің көптеген мұсылмандары шәһид болып, жараланды. Шейх Ибрахим Зәкзаки мен оның жұбайын армия күштері құрықтап, түрмеге қамады.

 

 

Тегтер