Башар әл- Жафари: Сирияны жерлеу лаңкестікті демеуші елдердің арманы
БҰҰ-дағы Сирияның өкілі осы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында лаңкестікті демеушілердің Сирияны осы елдің қирандыларына жерлеуді армандап отырғанын ескертті.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Башар әл- Жафари дүйсенбі күні кешке Халебте бір апта атыс тоқтату орнату туралы Жаңа Зеландия, Испания және Мысыр ұсынған қарардың алғашқы нұсқасына шолу жасау үшін құрылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында АҚШ, Франция және Ұлыбританияны лаңкестікті демеуші үш мемлекет деп атап: «Сирияны өз жеріндегі қирандыларына жерлеу сценариі Ирак, Йемен, Ливия және Палестинада да жүріп жатыр, бірақ АҚШ, Франция және Ұлыбритания халықтардың қарғысына ұшырайтындықтарын білуі тиіс. АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Түркия, Катар және Сауд Арабиясының лаңкестікті қолдауының жалғасуымен британдық Джон, француздық Әбумаре, америкалық Әбу Хорайра, түркиялық Әбу Меғдад, арабстандық Абдолла әл-Махисани, канадалық Әбу Абдолрахман мен тағы да басқа ондаған лаңкестің осы елдер тарапынан Нобель сыйлығын иемдену үшін үміткер болуы таңқалдырмайды» деді.
Башар әл- Жафари лаңкестердің Халебте әскери емес азаматтарды Сирия армиясының алдында адам қалқаны ретінде қолданып жатқанына сілтеме жасап: «Халебтің шамамен жүз мың бейбіт тұрғынын, соның ішінде ондаған мың сириялық баланы Сирия армиясының құтқаруы лаңкестікті демеуші елдер жұмысының күн тәртібіне ешқашан қойылған емес» деді.