Иран АҚШ Конгресінің жуырдағы шешіміне байланысты БҰҰ-на ресми түрде наразылық білдірді
(last modified Wed, 07 Dec 2016 09:10:36 GMT )
Жел 07, 2016 15:10 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ Конгресінің жуырдағы шешіміне байланысты БҰҰ-на ресми түрде наразылық білдірді

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты елшісі осы ұйымның бас хатшысына жолдаған хатында АҚШ Конгресінің Иранға қарсы санкцияларды ұзарту туралы жуырдағы шешімін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайшы деп атап, бұл мәселені Пан Ги Мунның Қауіпсіздік кеңесіне тапсыратын алдағы мәлімдемесіне енгізуді сұрады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ғоламали Хошру сейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге хат жолдап: «ИИР-ның үкіметі АҚШ Конгресінің Иранға қарсы санкцияларды 2026-шы жылдың соңына дейін ұзарту туралы жуырдағы шешімін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы АҚШ-ның міндеттемелеріне  қайшы деп санайды»,- деп жазды. Бұл хатта сонымен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздері бойынша АҚШ-тың аталмыш келісімнің бір тарапы ретінде санкциялардың күшін қайтадан ұзартпау және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мақсаттарына қайшы кез келген әрекетті іске асырмау туралы міндеттеме алғаны қуатталды.

Хошру Иранға қарсы санкциялардың уақытын ұзартуды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы АҚШ міндеттемелеріне қайшы деп атап, Американың мұндай шешімнің теріс салдарларына жауапты деп атап, БҰҰ Бас хатшысынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған барлық тараптан, әсіресе АҚШ-тан өз міндеттемелеріне табанды болуды талап етуді сұрады.