Иран Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының қорытынды мәлімдемесіне реакция білдірді
(last modified Thu, 08 Dec 2016 08:22:31 GMT )
Жел 08, 2016 14:22 Asia/Almaty
  • Иран Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының қорытынды мәлімдемесіне реакция білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының жуырдағы мәлімдемесін Иранның ішкі ісіне араласу және ағымдар мен мазхабтар арасына іріткі салуға талпыну деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының Манамада өткен отыз жетінші саммитының мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Бұл кеңес қайталамалы негізсіз айыптауларды жобалаудың орнына Иранның ішкі ісіне араласудан және ағымдар мен мазхабтар арасына іріткі салуға талпынудан бас тартсын»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның аймақ елдерінің ішкі ісіне араласатыны туралы айыптарды теріске шығарып, Теһранның саясатының тату көршілестік, өзара құрмет және басқалардың ісіне араласудан бойды аулақ ұстауға негізделгенін қуаттады.

Ғасеми, сондай-ақ, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің «Иран қажылық парызын саясиландыруға талпынады» деген уәждерін теріске шығарып, Сауд Арабиясының ирандықтарды қажылыққа жіберуге кедергі жасауын шариғат заңдарына қайшы және Алланың жолына бөгет жасау деп атады. 

Ғасеми, сондай-ақ, Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэйдің Манама саммитінде бұл елдің Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесімен Иранға қарсы әріптестік жасауға дайындығын жариялауына реакция білдіріп: «Жауапсыздықпен басқа елдердің ісіне араласып, тынышсыздық, соғыс, қатігездік пен терроризмнің таралуына себеп болған елдер басқаларды аймақ ісіне араласты деп айыптайтындай орында тұрған жоқ»,-деді.