Қырғызстанның Орталық Сайлау комиссиясы референдум өткізуге дайын
(last modified Thu, 08 Dec 2016 15:06:00 GMT )
Жел 08, 2016 21:06 Asia/Almaty
  • Қырғызстанның Орталық Сайлау комиссиясы референдум өткізуге дайын

Қырғызстанның Орталық Сайлау комиссиясы осы елдің Конституциясына өзгертулер мен реформа енгізу үшін референдум өткізуге әзірлік танытты.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының қоғамдық қатынастар бөлімі осы хабарды жариялап, референдумның осы елде әскери үкімет немесе төтенше жағдайда өткізілмейтінін мәлімдеді.

Референдумның үдерісін қадағалау үшін Ресей, Грузия, Украина, Түркия елдерінен халықаралық бақылаушылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатын болады. Қырғызстанның Парламенті – Жогорку Кенеш 2016 жылдың қараша айында Конституцияға реформалар енгізу туралы референдум өткізуге оң дауыс беріп, 11-ші желтоқсанды референдум өткізетін күн ретінде белгіледі.